Францияда, әсіресе Париждегі уақытша лагерлерде тұратын мыңдаған босқындар қаржылық және тазалық жағынан қиын жағдайда. Арнайы ресми зертханалардың ақпарынша, ВИЧ індеті көбінесе абақтыға жабылған адамдар, нашақорлар, босқындар арасында жиі ұшырасады. Қазіргі таңда, Париждегі босқындарға арналған жаңа зерттеу осыны дәлелдейді, - деп хабарлайды lanouvellerepublique.fr.
Франциядағы уақытша лагерлерде тұратын мыңдаған босқындар арасында қазіргі таңда қышыма мен ВИЧ аурулары тарауда. Олардың Франция осы ауруларды шекарасынан өткеннен кейін жұқтырғаны назар аудартады. Енді, зерттеу нәтижелеріне қарағанда, босқындардың 58 пайызы Францияға келген алғашқы алты айда ВИЧ, ал қалған 42 пайызы келгендеріне алты ай өткен соң ауырған. Зерттеу қорытындысы бойынша, ВИЧ індетін азайту мақсатында босқындар арасында профилактикалық науқан бастауды қолға алуда. Енді, Еуроодақпен келісімшарт жасасқан Франция, тұрғындарының қауіпсіздігі үшін дабыл қағуда.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы