Шілде айының 13-15 күндері «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Сегіз серінің 200-жылдығына арналған шағын футболдан «Er Janibek CUP-2018» турнирі ұйымдастырылды. Осымен 4-ші жыл қатарынан ұйымдастарылып отырған сайысқа Франция, Түркия, Австрия, Дания, Ресей, Монғолия, Өзбекстан, Иран, Қырғызстан елдерінде тұратын қандастарымыздан құралған құрамалар қатысты. Сонымен қатар, Алматы, Астана қалаларынан және еліміздің өзге де 4 облысынан барлығы 25 команда бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша, І-орынды Алматы қаласынан «Сауыр» командасы, ІІ-орынды «Бірлік Керуен» (Алматы), ІІІ-орынды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті, ал төртінші орынды петропавлдық «Динамо» командасы иемденді. Олардың ішінде, «Үздік шабуылшы» ретінде — Руслан Көпеев (Динамо, Петропавл), "Үздік қақпашы" — Мұхамадия Ахмадеев (Ш.Уәлиханов атындағы КМУ), "Үздік қорғаушы" — Еркін Нұржанов (Бірлік Керуен, Алматы), «Сұрмерген» (Бомбардир) үздігі ретінде — Қуаныш Советов (19-доп, Сауыр, Алматы) анықталды. Ал, «Астананың 20 жылдығы» номинациясы бойынша — Ыстамбұл, Түркия жеңіске жетсе, «Ұлттық рухты» — "FC Europe" командасы (Австрия, Вена) қанжығаға байлады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді