ҚР Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылы еліміздің әр облысында суға батып кету ісіне байланысты қайғылы оқиғалар көп тіркелуде.
Соның ішінде айналдырған екі күннің ішінде бүкіл ел аумағынан барлығы 20 адам суға батып кеткен. Нақты айтар болсақ, Шығыс Қазақстан облысында (5 адам), Қызылорда облысында (3 адам), Қарағанды облысында (3 адам), Солтүстік Қазақстан облысында (2 адам), Алматы облысында (1 адам), Қостанай облысында (2 адам), Батыс Қазақстан облысында (1 адам), Астана қаласында (1 адам) және Алматы қаласында (1 адам) суға кеткен.
Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитет "қайғылы жағдайға душар болған азаматтардың барлығы суға түсуге арналмаған орындарда шомылуға тырысқан әрі судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған" , - деп хабарлаған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы