Париж Мысырдағы Әбдел Фаттах Ас-Сиси режиміне ірі қару-жарақпен көмектеседі. Бұл туралы Францияның құқық қорғау ұйымы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "eadaily.com" агенттігі.
Ұйым өкілдері Мысырға қару жеткізуге қатысты келісімшарттар мемлекеттік әрі жекеменшік қорғаныс компаниялары тарапынан жүзеге асырылатынын айтып, егер 2010 жылы Мысыр Франциядан 39, 6 млн еуроға қару импорттап алса, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 1.3 млрд еуроға жеткен деп хабарлады.
«Франция мен франциялық компаниялардың Мысырда соңғы бес жылда орын алып жатқан қанды қырғындарға қатысы бар», - деген олар мәлімдемелерінде. Құқық қорғаушылардың ақпараттары бойынша, Франция Мысырдың әлеуметтік желілерді қадағалап отыруына көмектесетін бағдарламамен де қамтамасыз ететін көрінеді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы