Иран президенті Хасан Рухани мұнай импорттаушы елдер Иран Ислам республикасынан жанармай сатып алмаған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтынын хабарлады. Бұл туралы «Associated Press» агенттігі хабарлайды.
Бұл аталған мәлімдеме президенттің Швейцарияға жасаған сапары кезінде жасалған. Ол Уашингтонның ресми Теһраннан (Тегеран) мұнай сатып алмауға одақтастарын ықтиярсыз көндіруге бағытталған қысымы туралы айта келе, егер одақтастары мұнай сатып алудан бас тартқан жағдайда, бүкіл әлемге мұнай жеткізуші танкерлер өтетін Ормуз бұғазының жабылатынын ескерткен.
Еске сала кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамп 2015 жылы жасалған Иранның ядролық келісімшартынан біржақты тәртіппен шыққан еді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті