Сүрия әскері мен оның одақтастары елдің оңтүстігіндегі заңсыз қарулы құрылымдарды жеңуге жақындап қалды. Бұл туралы «Хезбуллах» қозғалысының бас хатшысы Хасан Насрулла мәлімдеген.

«Біз Сүрияның оңтүстігінде үлкен өзгерістің алдында тұрмыз. Оны АҚШ пен Израиль қолдауда», - деген ол. Шетелдік ақпарат көздерінің хабарлауынша, сүриялық үкіметтік әскер соңғы бірнеше күннен бері Дера қаласының маңындағы ауылдар мен елдімекендерді «Джебхат ән-Нусра»  террористерінен азат еткен.  Айта кету керек, Дера, Әл-Кунейтра және Сувейда аймақтарын да қамтитын Сүрияның оңтүстік (оңтүстік-батыс) аймақтары Ресей, АҚШ және Иорданияның келісімі бойынша қауіпсіз аймақ болып саналады. Алайда, Сүрия президенті Башар Асад «Сүрияның оңтүстігін азат ету сценариі әлі белгісіз: бейбіт түрде шешу немесе күшпен босату міндеті бар», - деп мәлімдеген.

“The Qazaq Times”