Қырғызстандық 850 азамат Сүриядағы соғысқа қатысуға аттанған. Бұл туралы Қырғыз республикасының антитеррорлық орталығының директорының орынбасары К.Бокаев мәлімдеген.
Ал, қырғыз депутаты Айсұлу Мамашева: «Қазіргі уақытта ресми мәлімет бойынша 850 қырғызстандық азамат Сүрияға соғыс үшін аттанған. Олардың 150-і қаза тапқан. Орталық өкілінің айтуынша, бұл сандар тек ресми мәліметтер ғана. Яғни, «жиһадтап» кеткендердің саны бұдан әлдеқайда көп болуы да мүмкін. Мәселен, бір ғана Ресейдің өзінде ресми мәлімет бойынша 500 мың қырғызстандық нан табу үшін жүр. Ал, тіркелмеген мәлімет бойынша олардың саны миллионнан асады. Демек, бізде ресми және бейресми мәліметтер арасында айырмашылықтар жетеді», - деген.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы