Еуропа одағына қарасты Кеңес Түркияның Еуроодақ құрамына кіруіне қатысты келіссөздердің тоқтатылатыны туралы мәлімдеме жариялап отыр. Сонымен қатар, Анкара мен Брюссель арсындағы кедендік одақты бекіту жұмыстары да тоқтатылады. Бұл туралы «meydan.com.tr» агенттігі хабарлайды.
Кеңес тарапынан жарияланған мәлімдемеде келісөздердің тоқтатылуының негізгі себептері ретінде «Түркиядағы заң үстемдігінен ауытқушылық, адам құқығы мен еркін пікір айтуға қатысты орын алған жағдайлар және құқық қорғаушылардың, ғалымдар мен журналистердің қудалануы» аталған. Бұдан бұрын да Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік жөніндегі Ұйым Түркиядағы сайлауалды науқан кезіндегі оппозициялық партияларға көрсетілген әділетсіздік үшін осы кезектен тыс сайлауды сынға алған еді.
Естеріңізге сала кетейік, 24 маусым күні Түркияда президенттік және парламенттік сайлау өтіп, Режеп Тайып Ердоған 97,7 % дауыспен қайта сайланған еді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы