Ғабидулла Әбдірахимовтың Шымкент қаласына қайта әкім болып тағайындалуы – Шымкент халқын қуантып тастады. Тіпті, оңтүстік жұрты қалаға қайта оралған басшыны қол шапалақтап күіп алған. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Кеше қала әкімдігі ғимараты адамдарға лықа толды. Барлығы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың шешімін күтіп, Шымкентке кімнің әкім болатынын болжаумен жүрді.

Фото: tengrinews.kz

«Шымкент қаласы мегаполис атанды. Мұны барлықтарыңыз білесіздер. Елбасы тиісті құжатқа қол қойды. Сіздерді осы жаңалықпен қуантқым келеді. Сондай-ақ, сіздерге жаңа әкімді таныстырғалы отырмын. Ол – Ғабидулла Әбдірахимов. Ол кісіні сіздер жақсы танисыздар әрі құрметтейсіздер!» - деді, үкімет басшысы.

Осы сөзден кейін залға жиналған жұрт орындарынан тұрып, ел ықыласына бөленген әкімді қол шапалақтап, құрмет көрсетті.

Фото: tengrinews.kz

Ал, Шымкент қаласының бұрынғы басшысы Нұрлан Сауранбаевтың әзірге қандай қызметке тағайындалғаны белгісіз. Ол Шымкент ақласын небәрі 7 ай басқарған еді.

“The Qazaq Times”