Палестиналықтар Израиль территориясына жанатын заттары бар әуе шарларын жіберіп, өрт қоюға тырысты. Израиль әскері осы шабуылға жауап ретінде Газа секторына әуе соққыларын жасады, - деп хабарлайды «eadaily.com» агенттігі.
Өрт туындатуға арналған әуе шарларын палестиналықтар араб территориясының оңтүстік аумағынан жіберген. Осыған жауап ретінде израильдік ұшақ «адамдар тобына жақын маңға бірнеше мәрте соққы жасаған». Израиль жағы бұған жауапты ретінде ХАМАС ұйымын кінәлап, оқиғаны террорлық әрекет деп бағалауда. Бұған дейін Газа секторында палестиналықтар мен израильдіктер арасында бірнеше мәрте қақтығыс орын алғаны белгілі. Біраз күннен бері шекарадағы жағдай саябырсығандай болғанмен, израильдік полицейлер мен палестиналықтар арасындағы қақтығыстар қайта басталғандай.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы