БҰҰ тарабы Трамп пен Ким Жоң Унның тарихи кездесуі кезінде, Солтүстік Кореядағы адам құқығы мәселесінің айтылмағанынан алаңдаушылық білдіруде. Бұндай мәлімдемені БҰҰ-ның Солтүстік Корея мәселесі бойынша арнайы мәлімдемешісі Кинтана жасады. Ол сөзінде: «Дәл қазір Солтүстік Кореядағы адам құқығы мәселесін жақсарту, осы мәселе бойынша халықаралық қауымдастықпен диалогқа келтіру үшін, АҚШ-тың Ким режиміне қысым түсіретін уақыты», – деді. Бұл туралы VOA ақпараттық агенттігі хабарлады.
БҰҰ тарабы АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы дипломатияның дамуы қарсаңында, адам құқықтарын жақсарту істерін күн тәртіпке қою керектігін айтады. БҰҰ лауазымдысының сөзінше: «Қазір Солтүстік Корея үкіметі өз елін қалыпқа келтіруге тырысуда. Солтүстік Кореяны БҰҰ-ның беделді мүшесінің бірі еткісі келеді. Бұл үшін олар адам құқығы мәселесі бойынша өз позицияларын өзгертіп, халықаралық қауымдастықпен келіссөзге келуі керек», – дейді.
Кинтана президент Трамптың Солтүстік Кореямен келіссөзде ядролық қарудан бас тарту мәселесін басты орынға қойғанына түсіністікпен қарайтынын, алайда, Солтүстік Кореяда адам құқықтары мәселесі жақсармаса, бұл кез-келген келісімнің жүзеге асуына тосқауыл болатынын айтады.
Дегенмен, Трамп-Ким саммитінен кейін өткен баспасөз жиынында АҚШ президенті аталған мәселені Ким Жоң Унға айтқанын мәлімдеген.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы