Бір күн бұрын, Канада Қауымдар палатасы Иранмен болған дипломатиялық байланысты мүлде тоқтатуға шешім қабылдады. Бұған дейін Канада үкіметінде Иранмен болған дипломатиялық қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру жобалары талқыланып жатқан болатын. Бұл туралы «Фарс» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Хабарға қарағанда, Оттава билігі Теһранмен (Тегеран) дипломатияны қалпына келтіруге бағытталған барлық, келіссөздерді тоқтатқан. Бұл шешім екі елдегі БАҚ-та күшті таңданыс тудырған тақырыпқа айналды.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Трамп бірер апта бұрын, Иранға қарсы мәлімдеме жасаған. Онда Иранмен сауда байланыстарын сақтауға тырысатын өз одақтастарының да санкция соққысынан аман қалмайтынын ескерткен. Бұған байланысты сарапшылар, еуропалық компаниялар АҚШ-тағы кең базардан айырылып қалмас үшін, Иранмен сауда қатынасынан бас тартуы мүмкін деген болжам айтқан.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы