Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим орнады деген мәліметке қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, бұл ақпарат жаңсақ әрі шындыққа жанаспайды.
Осыдан бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Қытай елдері визалық жүйеден бас тартты деген хабар тараған еді. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі аталған мәліметті жария қылған адамдар міндетті түрде жауапкершілікке тартылады дейді. Өйткені, мұндай мәлімет ешбір шындыққа жанаспайды деп отыр. Сөздерінше, қазір қос ел арасында виза мерзімін ұзартуға байланысты келіссөздер жүріп жатыр екен. Алайда олар екі мемлекет арасында бұдан-былай виза болмайды дегенді жоққа шығарып отыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы