Франция «Үлкен жетілік» саммитінің қорытындысы бойынша ортақ мәлімдемеге қол қоймауы мүмкін. Оның бұл ұстанымына АҚШ-пен арадағы алауыздық себеп болған. Бұл туралы france24.com/fr агенттігі Эммануэль Макронның әкімшілік өкіліне сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің мәліметінше, Макрон «Үлкен жетіліктің» мәлімдемесіне қол қоюды АҚШ-тың болат пен алюминийге енгізген салықтары мен Иранмен арадағы ядролық келісім туралы мәселені талқылауға апаратын қадам деп есептейді. Бұдан бұрын, Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың G7 аясында Макронмен келіссөздер жүргізетіні туралы хабарлаған еді. Аталған саммит 8-9 маусым күндері Канаданың Квебек қаласында өтеді деп күтілуде.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы