Биылғы жылдың шілде айынан бастап Эстонияда қоғамдық көліктер тегін жүреді. Бұл туралы "Weforum.org" порталы хабарлады.
Осыдан 5 жыл бұрын ел астанасы Таллинада референдум өтіп, жолаушылар қоғамдық көліктермен тегін қатынайтын болып келісілген. Эстония билігі бұл шешім тиімділігін көрсетсе, онда басқа өңірлердегі қоғамдық көліктер де тегін жүреді деп уәде берді. Енді міне, сынақ түрінде қолға алынған жоба - ақыры нәтижесін көрсетіпті.
Ел билігі қоғамдық көліктердің тегін жүруінен шығынға емес, керісінше мол табысқа кенеліп отырмыз дейді. Жолақы болмаған соң, жұрттың дені автобустарға үнемдеген ақшасын кафелерге, мейрамханаларға және дүкендерге жұмсайтын болған. Бай-бағландар да жеке көліктерін тастап, барлығы қоғамдық көліктермен қатынауға көшіпті.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы