Бүгін, 4 маусымда Париж тәртіп сақшылары босқындарға арналған екі заңсыз лагерді жоюды қолға алады. Бұл туралы france24.com/fr хабарлайды.
Парижді қаланың солтүстік-шығысындағы заңсыз лагерлерден «тазалайтындарын» айтқан тәртіп сақшылары өздерінің бұл әрекеттерін Франция билігінің көші-қон мәселесіне байланысты қабылдаған шарасы деп түсіндірді.
Айта кету керек, соңғы үш жылдан бері Франция босқындар мәселесімен күресіп келеді. Осыдан бұрын, 30 мамыр күні де париждік тәртіп сақшылары босқындардың «Мыңжылдық» деп аталатын ірі лагерін таратқан болатын. Аталған лагерь бірнеше жыл бұрын апатты жағдайда пайда болған еді. Енді, Африка елдерінен келген 2000-ға жуық босқынды көшіру жергілікті уақыт бойынша, таңғы сағат 6-да басталған. Олар Париждің маңындағы арнайы базаларға орналастырылған. Олардың ендігі тағдырлары туралы шешім қаралуда, деп хабарлайды france24.com/fr.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы