Қытай тарабы АҚШ-тың соғыс кемелеріне наразылық білдірді. Қытай ресмилерінің мәлімдемесінде, АҚШ-тың әскери кемелері Шиша топ аралы маңындағы жабық теңіз айдынына заңсыз кірді делінген. Бұл айыптауларды Қытайдың Сыртқы істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі қатар жасады. Сондай-ақ, бұл әрекетті провокация деп атап, Уашингтон тарабынан бұндай әрекетті тез арада тоқтатуды сұрады. Мәлімдеме туралы «People» басылымы хабарлаған.
Мәлімдемеде көрсетілуінгше, АҚШ теңіз күштеріне қарасты «Higgins» және «Antietam» атты соғыс кемелері аталмыш аймаққа өз бетімен кірген. Қытай СІМ өкілі Лу Каң бұл туралы жазбаша мәлімдеме жасады. Ол Бейжің билігінің бұл әрекетке мүлде қарсы екенін білдірді.
Қытай СІМ-і мен Қорғаныс министрлігінің мәлімдемелерінде, Бейжің тарабы ҚХР-ның егемендік және территория қауіпсіздігі үшін қажетті қадамдарға бара алатынын ескертті.
Айта кетейік, Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы мәселелерде осы аймақпен шектесетін елдермен және Аустралия, АҚШ сынды Тынық мұхитқа шектесетін елдермен қайшылықтарға қалып отыр. Жақында ғана АҚШ тарабы Қытайдың аталған теңіздегі милитаризациясы мен өзге де артық қадамдарын қабылдай алмайтынын жеткізген. Бейжің мен Уащингтон арасындағы сауда және дипломатия қайшылығы әскери істерге қарай ойыса түсуде.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр