Токиодағы Нарита халықаралық әуежайында All Nippon Airways авиакомпаниясының Гонконгке бет алған Boeing 767 жолаушылар ұшағы әуеге көтерілер сәтте өртенді. Бұл туралы france24.com ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша, ұшақ бортында 137 адам болған. Куә болғандардың хабарлауынша, ұшақтың іші дереу түтінге толған. Әуе кемесінің экипажы жолаушылардың барлығын эвакуациялады. Төрт жолаушыға улану белгісімен медициналық көмек көрсетілді. Жапонияның Транспорт министрлігі әуе кемесіндегі өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз деп хабарлады. Ал авиакомпания оқиғаның себебін анықтауға кіріскен.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы