Украинаның шығысында Украина армиясының күштері мен Ресейді қолдаушы бүлікшілер арасындағы қақтығыс қайтадан басталды, деп хабарлайды “Фарс” баспасөз агенттігі.
Донбас аймағындағы Украина солдаттары мен Ресейді жақтаған бүлікшілері аптаның басында тағы қақтығысып қалды.
Қақтығыстың салдарынан 4 күннің ішінде 20 адам қаза болды. Сонымен қатар -10 градус аязда мыңдаған бейбіт тұрғындар аязда су мен электрге қол жеткізе алмай отыр. Украина халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады. Ресей Украина президенті Петр Порошенко халықаралық қауымдастық Украинаны ұмытпасын деп жағдайды ушықтырып отыр деп мәлімдеді.
БҰҰ мен НАТО екі тараптан ымыраға берік болуды сұрады. Соңғы қақтығыстар желтоқсан айының соңында аймақта атысты тоқтату бітімі күшіне енген кезден бергі ең ауыр қақтығыс болды.
“The Qazaq Times”


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?