Оңтүстік Қазақстан облысында 2,3 мың гектар орманды алқап жақында жеке компанияның қолданысына берілуі мүмкін. Олар жасыл желектерді жапырып, құнарлы жерден уран іздеуге көшкелі жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат агенттігі хабарлады.
Ел үкіметі тиісті қаулы қабылдап та қойған. Осы айдың соңына дейін бұл мәселе қоғам талқысына түсіп, көпшілік қолдаса, орманды алқап толығымен жапырылмақ. Ізінше босаған орын "Қаратау" серіктестігіне беріледі. Олар әлгі аумақта уран байытуды жоспарлауда. Ал, кесілген ағаштардың өтемі ретінде мемлекетке 80 млн теңге төлеуге міндеттеледі екен.
Былтыр желтоқсан айында "Қазатомпром" ұлттық компаниясы елде уран өндірісін 20 пайызға азайтатындарын мәлімдеген еді. Олар мұндай шешім қабылдауға - уран қорының азайып бара жатқаны түрткі болды деген.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы