Батыс Қазақстан облысында шекара қызметінің капитаны қолға түсті. Тексеріс кезінде оның көлігінен киік мүрдесі, бөкендердің бірнеше мүйізі мен қару-жарақ табылған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Күдікті Қамысты ауылынан 15 шақырым жерде тұтқындалған. Арнайы ұйымдастырылған рейд кезінде, оның көлігінен ақ бөкендердің 12 мүйізі, киіктің өлексесі мен мылтық қынабы және пышақ пен балта анықталыпты. Мамандар қолға түскен күдікті "олжасын" сатпақ болған дейді. Қазір аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу тағайындалды.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды