Алматыдағы "Саяхат" автобекеті былыққа белшесінен батып отыр. Төңіректі жабайы сауда жасайтындар жаулап алған. Көшенің жиегінде тұрып, азық сататындардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Одан бөлек, заңсыз таксистер де жолаушыларды жаппай тонауда. Бұл туралы автобекеттің қаржы директоры Магомед Алероев мәлім етті.
"2007-2010 жылдармен салыстырғанда "Саяхат" автобекетінің табысы қазіргі күні күрт төмендеп кеткен. Басқа қалаларға қатынайтын жолаушыларды заңсыз таксистер жарты жолдан тоқтатып алып, "қағып" кетеді. Бұрынғы жылдары табысымз миллиондап саналатын. Ал қазір миллион теңгеге де жетпей қалды" - деді, Алероев.
Заңсыз таксистердің жұмысына наразылық білдірген автобекет басшылығы, бұл бассыздықққа заң органдары назар аударса екен дейді.
“The Qazaq Times”

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті