Қырғыз Республикасының бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковты ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тағы тергемек. Ол Бішкектегі жылу электр станциясындағы апатқа қатысты куәгер ретінде жауап береді.
Экс-премьер журналистерге берген сұқбатында: "Мені тергеуге не үшін қайта шақырғанын білмеймін. Бірақ, мұның астарында қандай сыр жатқанын ұққандаймын" - деді. Сондай-ақ, ол: "Алмазбек Атамбаев пен оның командасы таза жұмыс істеді. Сыйбайлас жемқорлыққа жол берген жоқ" - деп, кесіп айтты. Сөзінше, тергеу ісіне саясаттың араласқанын қаламайды. Әйтпесе, бұрынғы биік пен қазіргі басшылардың арасында үлкен кикілжің болатынын пайымдап отыр.
Есте болса, 40 жастағы Сапар Исаков премьер-министр болып небәрі 8 ай ғана жұмыс істеді. Қырғыз Парламенті ол басқарған үкіметке сенімсіздік білдірген соң, өз еркімен отставкаға кеткен.
“The Qazaq Times”


















Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды