АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына арналған ортақ жоспардан шыққан жағдайда Теһран (Тегеран) да сондай қадамға барады. Осындай ескерту жасаған Иранның Ұлыбританиядағы елшісі Хамид Баидинежадтың сөзінше, АҚШ аталған жобадан бас тартқан жағдайда келісімшарттың маңызды бөлігі жоққа шығарылады. Бұл туралы bbc.com халықаралық ақпарат агенттігі хабарлайды.
«АҚШ келісімшарттан бас тартса, бұл осы келісімшарттың күшінің жойылғанын білдіреді» - деді Хамид Баидинежад, CNN телеарнасына берген сұхбатында. Оның сөзінше, қазіргі уақытта Иран билігі АҚШ сондай шешім шығарған жағдайда оған қарсы жауап ретінде қандай қадам жасайтындықтары туралы ойластыруда.
Ағымдағы жылдың басында АҚШ президенті Дональд Трамп, егер еуропалық елдер «келісімшарттың өте үлкен кемшіліктерін түзете алмаса» Иранның ядролық бағдарламасы туралы келісімшарттан бас тарту жөнінде ойын білдірген еді. Ол сол кезде Теһранға салынған санкцияны алып тастау мерзімін ұзартқан болатын. Айта кету керек, АҚШ келісімшарттың кейбір баптарын өтіп кеткен мерзіммен өзгерткісі келген еді. Иран бұған келіспеген жағдайда, Вашингтон қайтадан санкция салатынын айтқан еді. Ал бұған халықаралық «алтылықтың» қалған мүшелері (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, ҚХР, Франция, Германия) қарсы шығуда. Естеріңізге салайық, 2015 жылдың шілде айында Иран мен осы «алтылық» көпжылдық ирандық ядролық мәселені реттеу жөнінде тарихи келісімшартқа қол қойған еді.