"Палестиналықтар тарапынан 30 наурыз күні Израиль шекарасында басталған «Ұлы оралу маршы» әлі жалғасуда. Жұма күні мыңдаған палестиналық бесінші рет жиналды" , - деп хабарлайды "euronews.com" ақпарат агенттігі.
Израильдің қоршауға алу әрекетіне байланысты 2006 жылдан бері шиеленісті жағдайға жеткен Газа секторындағы «Ұлы оралу маршы» басталғаннан бері 42 палестиналық қаза тауып, 3 мың 500-ден астам адам жараланған.
1976 жылы 30 наурызда Израильдің солтүстігіндегі Галилей аймағында тұратын Израиль азаматы палестиналықтарға тиесілі мыңдаған шаршы метрлік жерді басып алған. Осыған қатысты палестина халқы наразылық білдіріп, шеруге шыққан еді. Израиль полицейлері шеруге қатысқан палестиналықтарға оқ атып, 6 адам көз жұмған, көптеген адам жараланған. «Жерді қорғау» күні ретінде белгілі бұл оқиға, Израиль мен Палестина арасындағы қақтығысқа себеп болған. Ал, «Ұлы оралу маршы» палестиналықтардың жер туралы мәселедегі қарсылығын білдіреді.