АҚШ сенаты Рекс Тиллерсонды мемлекеттік хатшы қызметіне бекітті. 56 сенатор оны қолдап дауыс берсе, 43-і қарсы шықты, деп хабарлайды centralasian.org
Тиллерсон Мемлекеттік департаменттің 69-шы басшысы атанды. Бұған дейін ол ExxonMobil мұнай және газ компаниясын басқарған. Бірнеше ондаған жылдар бойы Тиллерсон Құрама Штаттардан мұнайды экспорттауға салынған тыйымды алып тастауға күш салды.
2016 жылдың 13 қарашасында президент Дональд Трамп оны америкалық дипломаттарға таныстырды. Ресейге қарсы санкция енгізілгенге дейін Exxon Mobil компаниясының ресейлік "Роснефть" компаниясымен бірлескен жобалары бар болатын, санкциялардан компания шығынға ұшырады.
Тиллерсонның мемлекеттік хатшылыққа ұсынылуынан көптеген сарапшылар мүдделер қайшылығын көрді. Exxon Mobil компаниясын Ресейге қарсы санкцияларды әлсіретуге тырысқаны үшін сынады. Дегенмен Сенаттағы тыңдауларда Тиллерсон санкциялар мен "Магнитский заңын" қолдады.
“The Qazaq Times”















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес