АҚШ пен Франция президенттері Дональд Трамп пен Эммануэль Макронның кездесуі АҚШ-тың бұдан кейінгі Иранның ядролық бағдарламасына бағытталған біріккен жоспарға қатысып-қатыспайтыны туралы нақты қорытынды шығармады.
Ақ Үй басшысы Теһранға (Тегеран) бағытталған қатаң мәлімдемелерімен ғана шектелсе, ал Франция президенті Иранның ядролық бағдарламаға қатысты жаңа келісімшарт аясында АҚШ-пен бірігіп жұмыс істеуе дайын екенін айтты.
АҚШ президенті Д.Трамп: «Мүмкіндік бар, алайда ешкім де менің 12 мамыр күні не істейтінімді білмейді. Президент мырза, сіздің бастамаңыз жаман емес, бірақ оны әлі қарастырамыз. Кейбір адамдар күткен нәрсені істеймін бе, жоқ па, көреміз. Мықты тірекке негізделген жаңа келісімшарт жасауға бола ма, оған да көз жеткіземіз. Себебі, бүгінгі келісімшарттың қаймағы бұзылған», - деді.
Иран мәселесіне қатысты келіспеушілікке қарамастан, сарапшылардың пікірінше, еуропалық өзге лидерлермен салыстырғанда, Макрон Трамппен мықты қарым-қатынас орната алады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті