Бұл туралы журналистерге жасаған мәлімдемесінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров хабарлаған. Оның айтуынша, қазіргі уақытта министрлік осыған байланысты дайындық жұмыстарын жүргізуде.
«Күзге қарай ротаны жіберетін боламыз. Шамамен 120 адам жібереміз. Қай жерге жіберетінімізді алдын ала айтар болсақ, ол — Ливан» , - деді. Т.Мұхтаровтың сөзінше, Қазақстан бұған дейін тұтас ротаны емес, жекелеген офицерлерді жіберген. Оның себебі, елімізде бітімгерлік іс туралы заң болмаған. «Енді заң қабылданды. Дайындық жүріп жатыр. БҰҰ-мен тығыз жұмыс істеудеміз. Өзім Ливанда болдым, бәрін өз көзіммен көріп қайттым. Бұл әлімдік қолдауға ие бітімгерлік міндет» , - деді, Т.Мұхтаров.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті