Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху БҰҰ Жоғары комиссиясымен жасасқан келісімшартты арадан бірнеше сағат өтпей-ақ бұзғанын жариялады.
Аталған келісімшарт бойынша, Израиль 16 мың босқынды қабылдап алуы керек болатын. БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссары басқармасымен жасасқан келісімшарт үшін ауыр сынға қалған Израиль премьер-министрі Нетаньяху, Тель-авивтің оңтүстігіндегі отандастарының сөзін тыңдағанын, олармен және Ішкі істер министрлігімен кездескеннен кейін аталған келісімшартты қайтадан қарауға алатынын мәлімдеді.
Келісімшартқа сәйкес, Израильдегі 16 мың 250 шақты африкалық босқынның Канада, Германия немесе Италия сынды дамыған елдерге жіберілетіні, осының орнына Израильдің Африкадан келетін жаңа босқындарды қабылдауы керек еді. Тағы да өзге мәліметтер бойынша, АҚШ пен Швейцияның да осы босқындардың бір бөлігін қабылдайтыны белгілі болды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы