Өзбекстан басшысының сөзінше, терроризммен, эсктремизммен және радикализммен күш қолдану арқылы емес, ағарту саласы арқылы да күресуге болады.
Ол Ауғанстанның білім саласына қолдау көрсету мақсатында халықаралық арнайы қор құру туралы ұсыныс жасады. Аталған қордың басты міндетіне дейін анықтап берген Мирзияевтың ойынша, қор арқылы Ауғанстан үшін ауадай қажет мамандықтар бойынша ұлттық кадрлар дайындалып, талантты студентер мен жас ғалымдарға гранттар мен степендиялар бөлінеді. Ол сонымен қатар үстіміздегі жылдың қаңтар айында Термез қаласында арнайы құрылған Орталықта Ауғанстан азаматтарына білім беріле бастағанын да айтып өтті. Қазіргі таңда ол жерде Ауғанстаннан келген 100-ден аса жас білім алуда.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы