Бір күн бұрын Грекияның орталық қаласы Афинада Түркиядағы «15 шілде төңкерісінен» кейін осы елге қашып барған төңкерісшілер үстінен сот отырысы өткізілді. Соттан кейін түркиялық төңкерісшілер қамауға алынып, Анкара билігінің қылмыскерлерді елге өткізіп беру талабы орындалмай қалды. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Анкара билігі 2016 жылы 15 шілдеде болған әскери төңкерісті ұйымдастырушы ретінде, қазір Құрама Штат жерінде тұратын Фетхуллах Гүленді айыптайды. Әрі төңкеріске қатысушыларды «Фетхуллақшыл террористтер» деп жариялады.
15 наурыз күні Афина соты Түркиядағы төңкеріс жетекшілерінің бірі Хазал Сежердің үстінен үкім шығарып, қамауға алды. Түркияның Сежерді елге өткізіп беру талабын сот төрешілері тойтарып тастады.
Грекия тарабы бұған дейінде 8 адамды Түркияға қайтарып беру талабын кері қайтарған. Түркия президенті бұл үшін Грекияға сапарлай барған болатын. Грекия жақтың бұл шешімінен кейін екі ел арасындағы тарихи шиеленіс қайта ушығып кетуі мүмкін.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы