Сауд Арабиясының ханы Салман үздік әскери қолбасшыларын жұмыстан шығарып, өзінің кабинетін толықтай қайта құрды, - деп мәлімдейді Al Jazeera ақпарат агенттігі.
Жұмыстан шығарылғандардың қатарында сауд әскері штабының басшысы, құрлық және әуе әскерінің басшылары бар.
Штабтың жаңа басшысы болып Фейяд бин Хамед аль-Рувейли (Fayyad bin Hamed al-Ruwayli ) сайланды.
Тамадур бин Юссеф аль-Рамах (Tamadur bint Youssef al-Ramah) еңбек министрінің орынбасары болып сайланды (хандықта әйелдің осындай лауазымды орынға сайлануы - сирек жағдай)
Ханның тек әскери саланы емес, жалпы үкіметті қайта құрып жатқан себебі туралы ресми ақпарат жоқ. Бірақ Йемендегі соғысқа байланысты сын көбейгеннен кейін хан осындай шешім қабылдаған болу керек.
Сингапурдағы "S Raja Ratnam" халықаралық зерттеулер мектебінің (S Raja Ratnam School of International Studies) профессоры Джэймс Дорси (James Dorsey): "Үкіметті қайта құруға қатысты шешімді де елдің билеушісі Салманның келісуі арқылы емес, өз бетінше қабылдауды жөн көріпті. Алдағы уақытта тек әскерде ғана емес, жалпы персоналда сондай өзгерістер орын алады. Басқаша айтқанда, ол өз адамдарын қояды. Йемендегі соғысқа қатысты негізгі мәселе - Сауд Арабиясы қоғамының да, саудтық әскердің де шын ниетін білмейтініміз", - деді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы