СҚО әкімінің қатысуымен жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында өңір басшысы Құмар Ақсақалов тұрақты жұмыс орындарын ашуға көп көңіл бөлуді тапсырды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Облыс тұрғыны бір-екі айлық жұмысқа емес, тұрақты жұмысқа орналасу керек. Қоғамдық жұмысқа уақытша тартқан болмайды. Азаматтар жыл бойы еңбектенуі тиіс. Ауылдарға барғанда осыны тексеру үшін үй-үйге кіремін. Әдемі есептеріңізді тексеремін», - деді Құмар Ақсақалов.
Жалпы облыста 2017 жылы 30714 адам жұмысқа тұрды, 2016 жылмен салыстырғанда 24 пайызға көп. Оның ішінде 24788 адам тұрақты жұмыс тапты, немесе 80 пайызы. Өз-өзін қамтамасыз еткендердің де саны қысқарды. 2017 жылдың басында олардың саны 91 мың болса, қазір 79 мыңға түсті. Биыл кешенді жоспардың аясында 27 мың адамды жұмыспен қамту көзделген.
СҚО-да еңбекақының көлемі де артып келеді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша орташа еңбекақы 6,5 пайызға өсіп, 103 мың теңгені құрады.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды