Дипломатия қызметкерлері жеткізген деректердің бірінде, Қытай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне өтініш жолдап, АҚШ жағынан Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды бұзды деп айыпталған 10 кемені халықаралық санкция тізіміне енгізуді кейінге қалдыруды сұраған. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің арнайы комиссиясы бейсенбі күні аталған кемелерге қатысты санкцияны бұзғаны туралы қорытынды шығарған болатын. Бұл кемелер халықаралық санкция тізіміне енетін болса, БҰҰ-ға мүше барлық елдердің порттарына кіруіне шектеу қойылады. Дегенмен, Қытай тарабы ресми түрде осы шешімнің санкциялар тізімін зерттеуге көбірек уақыт жұмсау үшін 28 желтоқсанға дейін кейінге қалдыруды сұрады. Бұл Қытайдың Қауіпсіздік кеңестің шешімін кейінге қалдыруын екінші рет талап етуі.
Қазіргі Корей түбегі мәселесі және АҚШ пен Қытай қарым-қатынасынан алып қарағанда бұл оқиға соңғы салмақты сынақтың бірі. АҚШ өкілдерінің қарауынша, БҰҰ анықтаған кемелердің бірі Қытай компаниясына тиесілі кеме болуы мүмкін. Дегенмен, америкалық лауазымды тұлғалардың айтуынша, кеменің иесі кәсіпорындардың кешенді тобы, яғни бірлескен кәсіпорындар көрінеді. Ал, одан басқа екі кеме Тайуанға (Тайвань) қарасты компаниялардан.
АҚШ лауазымдыларының Қауіпсіздік кеңесінің комиссиясына ұсынған мәліметінд, қарағанда, бұл кемелер Солтүстік Кореяға тазартылған жанармайларды заңсыз тасуға көмектескен немесе Солтүстік Кореядағы көмірді Ресейге жөнелткен. Бұл Солтүстік Кореяға салынған халықаралық санкцияны бұзу болып саналады.
Қытай үкімет жағы аталған мәселе турасында журналистердің сұрағына жауап бермей отыр.