«Әл-Жазира» арнасының хабарына қарағанда, Сауд Арабиясы Катармен құрлықтағы шекара бекетін жауып тастаған. Аталған арна Сауд Арабиясының үкіметі жариялаған ресми мәліметке сілтеме жасай отырып, Қаржы министрлігіне қарасты Шекара дирекциясы Селва шекара қақпасын бір жолата жапқанын айтқан.
Катар дағдарысы басталған 5 маусым күні Сауд Арабиясы аталған шекара қақпасын жауып тастаған болатын. Алайда, қажыға баратын катарлықтар үшін тамыз айында уақытша ашқан еді. Одан бері Селва шекара бекеті тек гуманитарлық жағдайларға ғана пайдаланылып келген.
Сауд Арабиясы жариялаған ресми мәліметте шекара қақпасының бекітілетіні, тауар тасымалы мен адамдардың өтуіне шектеу қойғанын айтқан. Селва шекарасы Катар мен Сауд жұртының құрлықтағы бірден бір шекара бекеті.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы