Жақында Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) мүше кейбір елдер ұйымға шағымданып, Қытайдың сауда саясатына наразылық білдірді. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында Сауда министрлігінің өкілі, ДСҰ-ның жалпыға ортақ ұстанымдарына сай келмегендіктен жекелеген елдердің шағымы мен талаптары орындалмайтынын айтты. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Бірнеше күннің алдында, АҚШ-тың сауда өкілі Роберт Лайтитизер ДСҰ-ның сауда келіссөздеріне назар аудармағанын сынға алып, сот істерінің ұйымдастырылуына баса назар аударылғанымен, жалпыға ортақ ережелердің орындалуына көңіл бөлінбегенін алға тартты.
АҚШ, ЕО және Жапония осы аптадағы ДСҰ отырысында бірлескен мәлімдеме жариялап, ұлттық экономикаға елеулі басымдық берілген елдерде ДСҰ-ның ортақ ережелері орындалмай отырғанын айтты. Сондықтан бұл елдерде барынша әділ экономика құрылуын талап етті.
Кезекті отырыста Қытай көпжақты сауда келіссөздерінде белсенді прогреске қол жеткізеді. Сонымен бірге, халықаралық сауданың басымдығын көтеруге және жәрдемдесу деңгейін жетілдіретінін айтты.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау