Ресейдің ең бай заңгері Сүлейман Керимовқа қарсы Францияда салықтан жалтарғаны және заңсыз қаржы айналымына қатысы бар деген күдікпен тергеу жұмыстары басталды. Ол дүйсенбі күні кешкісін Ниццада тұтқындалды. Ресей Үкіметі француз дипломатын жеке шақырып, жағдайды толық түсіндіруін және өз азаматын дереу бостандыққа шығаруларын талап етті. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Кремльдің өкілі: "Біз өз азаматымыздың заңды мүдделерін қорғау үшін бар күшімізді саламыз", - деп мәлімдеді. Сүлейман Керимов Францияға дипломатиялық төлқұжатпен кірген. Мәскеу дипломатиялық иммунитеті бар азаматтың абақтыға жабылғанын әбестік көріп отыр.
«Россия 24» арнасы Сүлейман Керимов өзіне тағылған айыптардан толықтай бас тартып отырғанын жеткізді. Оның неге тұтқындалғаны туралы нақты деректер жоқ. Бірақ француз шенеунігінің сөзіне сәйкес, айыптар салықтан жалтару мен жемқорлыққа байланысты.
Сүлейман Керимов - Ресейдегі құны 6,3 млрд $ болатын, алтын өндіруші «Полюс» компаниясының басшысы. Ресей Парламентінің жоғарғы палатасының сенаторы, 51 жастағы Сүлейман Керимов бұрын «Анжи Махачкала» футбол командасының иегері болған.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау