Бүгін түстен бұрын Жапон аралдарының оңтүстігіндегі су айдынында, 11 экипаж мүшелері отырған АҚШ теңіз қарулы күштерінің ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
АҚШ-тың әскери-теңіз күштері мәлімдемесінде іздестіру-құтқару операциясы бойынша қаза болғандар туралы нақты мәлімет айтылмады. Дегенмен, Жапония Қорғаныс министрлігінің мәліметінде, апатқа ұшыраған ұшақтан 8 адамның құтқарылғанын айтты.
АҚШ Әскери-теңіз күштерінің мәліметінде апатқа ұшыраған ұшақтың Филиппин теңізіндегі әскери міндетті өтеу үшін «USS Рональд Рейган» ұшақ тасымалдаушы кемеден әуеге көтерілгені айтылған. Жапонияның қорғаныс министрі Онунора Итунори бұқаралық ақпарат құралдарына жасаған мәлімдемесіне сенсек, апатқа ұшыраған ұшақ АҚШ-тың «С-2» атты тасымал ұшағы екенін, Окинототишимадан 150 шақырым солтүстік-батыс аумақта суға құлаған. Алғашқы тексеру нәтижесіне қарағанда ұшақтың қозғалтқышының істен шығуы апатты жағдайға себеп болған.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес