Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі ұйымның бейбітшілікті сақтаушы әскери күштерінің санын арттыруға шешім қабылдап отыр. Бұл шешім әсіресе Орталық Африка Республикасындағы Бейбітшілікті сақтаушы күштерге қарата жүзеге асырылмақ. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін, Орталық Африка Республикасындағы бейбітшілікті қорғайтын арнайы әскерлер санын тағы 900 адаммен толықтыруға шешім қабылдады. Нәтижесінде, ОАР еліндегі БҰҰ-ның жіберген бейбітшілікті сақтаушы қарулы күштерінің саны 11 мың 650 адамға жетпек.
Орталық Африка Республикасындағы Бейбітшілікті қорғау күштерінің санын арттыруды БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ортаға қойған. Себебі, елдегі қоныс аударушылар 600 мың адамнан асып, өзге мемлекеттерге жарты млн халық бас сауғалап кеткен. Елдегі қарулы қақтығыстар саны жылдағыдан еселеп арта түскен. Осы қақтығыстарды тоқтату және болдырмау үшін елдегі БҰҰ жасақтарын көбейту бірден бір шешім деп тапты.


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?