Камбоджада бүгін Жоғарғы Сот Оппозициялық партияны тарату туралы істің соңғы нүктесін қояды. Ел Үкіметі Cambodia National Rescue Party (CNRP) - Камбоджаны құтқару партиясына қарсы түсірген шағымы оның жабылуына әкелуі мүмкін. Премьер-министр Хун Сеннің оппозициялық партияның айыбын растайтын жарлық шығатыны туралы алдын-ала мәлімдемесі сарапшылардың бұл әрекетке "сайлау алдындағы бәсекелестерді жолдан алып тастау шарасы" деген баға беруіне ұласты.
Ел Үкіметін 32 жылдан бері басқарып келе жатқан Премьердің бастамасымен осыған дейін 100-ге жуық шенеуніктер Қытаймен бірлесіп, елде революция жасамақ болған деген айыппен қызметтерінен 5 жылға дейін шеттетілген болатын. Енді олардың бірқатары тұтқындалуы мүмкін. CNRP партиясының басшысы Кем Соха абақтыға жабылғаннан кейін, бас бостандығынан айырылудан қауіптенген жиырмадан астам саясаткер елден кетіп қалған.
Камбоджа Үкіметі сайлау үміткерлері қатарынан шығып қалған партияларға бөлінетін ресурстарды қалған кандидаттар арасында бөліске салуға мүмкіндік беретін заң жобасын дайындауды бастап кетті. Human Rights Watch ұйымы Камбоджадағы демократияның өлім алдында тұрғанын айтып, Хун Сеннің мемлекетті бірпартиялы жүйеге көшіру әрекетін әшкереледі.
Бүгін өтетін Соттың көтерілістер мен тәртіпсіздіктерге жол ашпауы үшін, елдегі қауіпсіздік күшейтілді. Камбоджада жемқорлық өрістеп келе жатқанына қарамастан, билік құрамының өзгеруіне жол бермей отырған Хун Сен өзін мемлекетті азаматтық соғыстан құтқарып, бейбітшілік сыйлаған тұлға санайды.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау