АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің Азияға сапары барысында Қытайға ресми сапармен барды. Осыған дейін Жапония мен Оңтүстік Кореяда болған Америка басшысы кездесулерінің негізгі тақырыбы Солтүстік Кореямен арадағы жағдайдың шиеленісе түсуі болып отыр. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Пекинде Жи Шиң Пиң мырзаның салтанатты күтіп алу рәсіміне ие болған Дональд Трамп Қытайға келерден бір сағат бұрын Сеулде сөйлеген сөзінде БҰҰ-ның санкцияларын Ресей мен Қытайдың есіне салып, "Сіздер (Солтүстік Кореяны) қолдай алмайсыздар!", "Сіздерге қандай да бір тауар жеткізуге болмайды!", "Сіздер қабылдай алмайсыздар!" (You can not support. supply and accept)" деген болатын. Президент Трамп түстен кейін императорлардың қаласына барып, Қытайдың шәй құю рәсіміне куә болады.
Осыдан бұрын Дональд Трамп Қытайдың Солтүстік Кореямен жасырын сауда байланыстарына күмән келтірген болатын. Қытай БҰҰ санкциясына сай барлық талаптарды жүзеге асырып отырмыз дегенімен, АҚШ барлық әлемдік мінберлерден сөйлеген сөзінде Қытайға ерекше ескерту жасауын тоқтатпай келеді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы