Трамп өзінің қараша айында болатын 12 күндік Азия сапары туралы жариялады. 8 қарашадан бастап, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Филиппин елдерінде сапарда болады. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Ақ үйдің 16 қазан күні өткізген баспасөз мәслихаты кезінде Құрама Штат президенттінің қараша айында болатын Азия-Тынық мұхит өңіріне жасалатын сапары туралы мәлімет жария етілді. Онда Трамп сапарының 3 қарашадан 14 қараша дейін, 12 күнге жалғасады. 3 қараша Гавай аралдарынан басталып, ары қарай ретімен Жапония(5-6 қараша), Оңтүстік Корея (6-7 қараша), Қытай (8-10 қараша), Вьетнам(11-12 қараша), Филиппин (12-14 қараша) елдеріне сапарлайды.
Сәуір айында Қытай басшысы Ши Жинпиң (Си Цзиньпин/Xi Jinping) Америка Құрама Штатына сапарлай барған болатын. Сол кезде Трампты өз еліне келуге шақырған. Бұл жолы Ақ үйдің мәлімдемесіне қарағанда, Трамп Қытай орталық қаласы Бейжіңге сапарлай келіп, Қытай басшысымен кездеседі және бірқатар мәдени шараларға бірге қатысады.
Трамп сондай-ақ, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам және Филиппин қатарлы елдерге де барады. Ақ үй мәлімдемешісінің айтуынша, президент Трамптың сапары АҚШ-тың одақтастары мен әріптестері арасындағы байланысты реттеп, Құрама Штаттың аймақтағы көшбасшылыққа деген ұмтылысын тағы да растайды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі