Оңтүстік Кореяның Қаржы министрі Ким Доң Ион бейсенбі күні баспасөз мәжілісі кезінде, Оңтүстік Кореяның АҚШ пен Қытай сынды екі ірі сауда әріптестерімен экономикалық келіспеушілікті шешуге тырысып жатқанын айтты. Сонымен бірге, АҚШ пен Қытай сынды екі ірі елге сауда-экономикалық тәуелділіктен құтылуға тырысатынын мәлімдеді. Бұл туралы «Уашингтон Пост» басылымы жазды.
Ким Доң Ион сөзінде Оңтүстік Корея қазіргі кездегі геосаяси жағдайларға байланысты сауда-экономикада «қолшатыр» алып жүруі керек дегендей мысал келтірді. Себебі, Корей түбегіндегі аумалы-төкпелі жағдай бейне құбылмалы ауа райына ұқсайтынын айтты.
Ол соңғы уақыттағы АҚШ пен Оңтүстік Корея арасындағы сауда-саттықтың тұрақсыздығынан қатты алаңдап кетпеуді айтты. Оның сөзіне сенер болсақ, АҚШ тарабы Оңтүстік Кореяның экономикасының болашағынан алаңдап, сауда-саттықта сақтық танытып отыр. Алайда ол жыл басынан бері АҚШ пен Корея арасындағы сауда тапшылығының 30 пайызға қысқарғанын алға тартты.
Корей түбегінің саяси жағдайы қарқынды Оңтүстік Корея экономикасына әсер етуде. Қазір Оңтүстік Кореямен сауда ынтымақтастығына толықтай қызығушылық танытып отырған кемде кем. Соның бастысы Қытай мен АҚШ. Дегенмен, Оңтүстік Корея үкіметі сауда-саттық істерінде аталған екі серіктеске тәуелді болудан арылуға күш салып отыр.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?