Түркия Білім беру министрлігі Еуропа Одағының қаржыландыруымен «Түркиядағы сүриялық балаларды елдің білім беру жүйесіне бейімдеу» бағдарламасын қолға алғанын мәлімдеді. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметі хабарлады.
Түркиядағы БАҚ-тың мәліметіне қарағанда түрік жұртында 1 миллионнан астам сүриялық бала паналап отыр. Қазір Түркия үкіметі Білім беру министрлігіне осыдан бұрын берген міндет бойынша осы балаларды Түркияның оқыту жүйесіне бейімдей отырып, білім беру бағдарламасын бастады. Бұл бағдарламаға Еуроодақ қаржылай қолдау білдіріп отыр.
Хабарда ЕО-ның Түркиядағы делегациясының төрағасы Кристиан Бергер: «Түркия жерінде Сүриядан пана сұрай келген миллионнан астам баланы осы елдің Білім беру министрлігі қарамағына алып отыр. Бұл әрине өзге елдерге үлгі болатын іс. Сонымен бірге бұл түріктердің бауырмалдығын көрсетеді», – деді.
Жоғарыда аталған жобаның құны 650 млн еуро тұрады. Бұл қаржы арқылы Түркияның Сүрия балалары көбірек тұратын 23 қаласында білім беру ісі жүзеге асқалы отыр.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау