Өткен аптаның соңында Солтүстік Кореяның ресми басылымдары КХДР ең жоғары басшысы Ким Жоң Унның (Ким Чен Ын/Kim Jong Un) апта соңындағы мәлімдемесін таратты. Онда Ким Жоң Ун «Ядролық бағдарлама Солтүстік Кореяның тәуелсіздігін қорғаудағы «алмас қылышы» деген пікір білдірген. Осымен бір уақытта мұхиттың арғы бетінде АҚШ президенті Дональд Трамп «Солтүстік Кореяда мүмкін болатын бір ғана нәрсе бар – ол болса, ядролық амбицияларын жою» деген еді. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Трамп сенбі күні өзінің Twitter парақшасында жарияланған ескертулері қатты бір назар аудартып кеткен жоқ. Бірақ ол соңғы 25 жылда АҚШ-тың күш-жігерін сәтті орындамағанын айтты.
Солтүстік Корея басшысы елдің Жұмысшы партиясының өкілдер жиынында ядролық қару Корей түбегі бейбітшілігінің маңызды тірегі екенін атап өтті. Ким Жоң Унның бұл пікірлері Трамптың ескертулерінен бірнеше сағат бұрын жарияланған еді. Ким Жоң Ун сөзінде: «Ядролық қару - бұл кореялықтар америкалық империализмнің ұзақмерзімді ядролық қатеріне сәйкес, ұлттық тағдыр мен егемендігін және қантөгістерден қорғау үшін жасаған жемісті жетістіктері», - деді.
Осымен бірге Солтүстік Корея ресми басылымдары Ким Жоң Унның қарындасы 28 жастағы Ким Йо Жоңның (Kim Yo Jong) КХДР Жұмысшы партиясы Орталық комитетінің кезекті мүшесі болып бекітілгенін де хабарлады. Бұл аталған комитет сол елдің ең негізгі шешім қабылдаушы органы.
Бұл тағайындалулар Солтүстік Кореяда «Алтын және Жоғарылау» деген сөзбен айтылады. Ол дегеніміз, Ким Жоң Унның басқаруымен Солтүстік Корея Ким отбасының айналасында жеке құқықтарын қорғауды жалғастыруда дегенді білдіреді. Солтүстік Корея құрылғаннан бергі неше он жылда Ким әулеті елдің билік құрылымында аса маңызды болып келді. Осыдан бұрын Ким Жоң Унның әкесі Ким Жоң Ил өзінің қарындасы Ким Киоң Хені де Орталық комитеттің мүшесі еткен.