Мексикада 300-ге жуық адамның өмірін қиып, бірқатар ғимараттардың құлауына себеп болған 7.1 баллдық жер сілкінісінен кейін 5 күн бойы жалғасып келе жатқан үйінділердің астында қалған адамдарды іздестіру жұмыстарының нәтижесі көңіл қуантпай отыр. Алғашқы үш күн ішінде 69 адам тірі күйінде құтқарылса, жұмадан бері тек өлі денелер табылып жатыр. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Жер сілкінісінен зардап шеккен жанұялардың өтініші бойынша қаланың әртүлі аудандарында іздестіру жұмыстарын жүргізуге мемлекеттің құтқару қызметінен бөлек, АҚШ, Жапония сияқты елдер жіберген мамандар, арнайы жаттықтырылған иттер және жоғары технологиялық құралдарды пайдаланып жатыр.
Осы сенбіде елдің оңтүстік бөлігінде болған 6.1 баллдық жер сілкінісі кезінде тағы 3 адам қаза тауып, алдыңғы апаттан есеңгіреген халықтың үрейін алды. Жергілікті халық Мексикада 1985 жылы болған жер сілкінісін әлі ұмыта қойған жоқ. Ол кезде апат салдарынан 10 мың адам қаза тапқан болатын. Дегенмен отбасы мүшелерін құлаған ғимараттар астында жоғалтып алған жандар 1985 жылы араға бір апта салып, тас үйіндінің астынан тірі табылғандар туралы аңыздарға сүйеніп, әлі де үміт үзбей отыр. Ал сарапшылар, апаттан кейін үш күн өтсе, үйіндінің астынан тірі адамды аршып алу ықтималдылығы төмен екенін айтады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті