FIFA Өзбекстан Футбол Федерациясына 5 миллион доллар көлемінде қаржы беретін болды.
Өзбекстан Футбол Федерациясының басшысы Умид Ахмаджоновтың сөзінше, FIFA бұл қаржыны «Форвард» бағдарламасы аясында береді. Қыркүйектің 21 күні Ахмаджонов Швейцарияның Цюрих қаласында осы мәселеге байланысты FIFA президенті Джанни Инфантиномен келіссөз өткізген.
Өзбекстан Футбол Федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, FIFA бөлетін 5 миллион доллар қаржының 3,5 миллионы 2018 жылдың соңына дейін аударылады. Ал қалаған 1,5 миллион доллар 2019 жылы беріледі. Аталмыш қаржы Өзбекстанда түрлі республикалық турнирлер өткізуге, аймақтардағы командалардың басқару жүйесін жақсартуға және Өзбекстан футбол федерациясының веб-сайтын заман талабына сай етуге жұмсалуы тиіс.