АҚШ Мемлекеттік хатшысы Тиллерсон 17 қыркүйек күні сөзінде, АҚШ-тың Кубада тұратын елшілігіне шабуыл жасалғаннан кейін, Құрама Штат тарабы тағы бір рет Кубаның елшілігін жауып тастауы мүмкін екені айтты. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.
Сингапурдың кейбір басылымдарының бүгінгі берген хабарында, Тиллерсоның АВС арнасына берен сұхбатына сілтеме жасай отырып, АҚШ-тың Кубамен дипломатиялық қатынасын үзіп тастауы мүмкін екенін растаған. Тиллерсон сөзінде: «Біз жағыдайды алда бұрын толықтай саралап көрдік. Бұл аса маңызды әрі сезімтал мәселе. Біз тағы елшілікке шабуыл жасалған кезде жаралы болған дипломаттарымызды елге қайтарып алып келдік», – деген.
АҚШ-тың Кубаның орталық қаласы Гаванада тұратын бас елшілігіне жасалған шабуылдан кем дегенде 21 адам түрлі жарақат алған. Басым көбі есту қабілетінен айырылған. Шабуыл жасаушылар көз жасаурататын және құлақ тұндыратын гранат пайдаланған деген сөз дерек бар. Бұдан сырт 5 канадалық дипломат пен олардың отбасындағыларға да шабуыл жасағаны анықталды. Бұл шабуыл жасау әрекеттері осы айдың бас шенінен бері жалғасуда.
АҚШ жақ Куба үкіметіне хабарлама жолдап, бас елшіліктің амандығын қорғауды күшейтуге ұсыныс жасаған. Әрі Кубадағы елшілігін жауып тастауы мүмкін екенін білдірді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы