Түркия вице-премьері Түркия президентінің ханымы Емине Ердоғанның Мьянмада қуғынға ұшыраған аракандық мұсылмандармен кездесу үшін Бангладешке барғаны туралы мәлімет таратты. Сондай-ақ, рохинджа мұсылмандарымен кездесуге Түркия сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлу да барған. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлап отыр.
Түркия вице-премьері Хакан Чавушоғулу Бангладешке паналаған аракандық мұсылмандарға берілген көмек туралы егжей-тегжейлі мәлімет жасаған. Әрі бұл материалдық көмектердің аймақтың қауіпсіздігіне байланысты әуе жолы арқылы жеткізілетінін айтты. Киім-кешек, азық-түлік тағы басқа қажетті заттарды қамтыған жәрдемге берілген материалдардың жалпы көлемі 1000 тоннадан асады. Әрі бұл жіберілген көмек 100 мың отбасының қажетін қамдайды делінген.
Түркия сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғулу Түркиядан жеткізілетін көмекті алып, аракандық мұсылмандармен кездесу тобын бастап барды. Сондай-ақ, ол Даккада Бангладеш басшыларымен рохинджа мұсылмандарының мәселесі туралы кеңес өткізген.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі