Биыл маусым айында Ирактағы Күрд Автономиясы 25 қыркүйекті автономияның дербестік алу референдумы ретінде белгілеген болатын. Көптен бері Күрд Автономиясы мен Ирак үкіметі арасында шиеленіс ушығып келе жатқан еді. Екі үкімет көптеген өлкелердің иелік құқығы мәселесінде пікір қайшылығына жол беріп келді. Әсіресе, мұнайлы өлке саналатын Киркук аймағына қатысты иелік құқығы, екі жақтың үлкен талас-тартыс мәселесіне айналды.
Күрд Автономиясының дербестік алуға референдум жариялауы Ирак және Түркия, Иран қатарлы көршілес елдердің қарсылығына ұшыраған. Оған қарамастан Киркук аймағының парламенті 29 тамыз күні Күрд Автономиясының референдумына қатысатын болып шешім қабылдады.
People басылымының онлайн қызметінің хабарында, Ирак премьер-министрі Абади бұл шешімге қарсылығын білдіріп, мәлімдеме жариялаған. Ол сөзінде: «Күрд Автономиясы әлі де Ирактың құрамында. Сондықтан бұл референдум қате жасалған шешім. Бұл біздің конституциясызда белгіленбеген. Ешқандай заңды негізі жоқ. Бір жақты бекітумен шешілмейді. Бұл мәселе Ирак орталық үкіметі мен Күрд Автономиясы ортасындағы кеңестер арқылы ғана біржақты етіледі», – деді.